Шымкент қ. «Ордабасы» индустриалды аймағы (әрі қарай – «Ордабасы» ИА) 2011ж. бірінші тоқсанынан жұмыс істей бастады.
«Ордабасы» ИА бұрынғы Шина зауытының аумағында орналасқан және 143 гектарға тең ауданды алып отыр.
«Ордабасы» ИА құрудың бастамашысы болған – Оңтүстік Қазақстан облысының Әкімдігі.
Басқарушы компания – «Ордабасы» Индустриалды Аймағы» ЖШС.
«Ордабасы» Индустриалды Аймағын құрудың негізгі мақсаты:
- Жоғары технологиялы, импорттың орнын басушы және экспортқа бағытталған өндірістерді құру.
- Шымкент қ. өнеркәсіп саласындағы кіші және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету және жәрдемдесу.
- Экономиканың басым секторларына тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету.
Қазіргі таңда «Ордабасы» Индустриалды Аймағының аумағында төмендегі өнімдерді шығаратын өндірістер әрекет етуде:
- металл прокаты,
- металл құрылымдары
- машина жасау бұйымдары,
- маңдай әйнектері,
- пластик құбырлары,
- фитингілер,
- сабын,
- құрылыс материалдары,
- жуып-тазартатын сұйықтықтарды құю,
- энергияны үнемдейтін қызу шамдары,сонымен қатар:
сонымен қатар:
- тасымалдау, логистика және жүктерді сақтау,
- жылыжай шаруашылығы.
2011ж. «Ордабасы» Индустриалды Аймағы» ЖШС-мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша шаралардың толық қажетті кешені жүзеге асырылып, ол келесіні қамтыды:
- ғимараттардың күрделі және косметикалық жөндеу жұмыстары;
- инфрақұрылымның негізгі желілерінің күрделі жөндеуі: су құбыры, темір жолы, локомотив, теміржол және мосылық кран;
- ОИА-ның бүкіл аумағын тазарту және көгалдандыру;
- аумақтың едәуір бөлігіне: жол-көліктік, кіру жолдары, әрекет етуші кәсіпорындардың маңы – асфальт және бетон төселген;
- жеке өзіндік АТС орнатылған;
- кедендік-өткізу бекетінің ғимараты құрылып, техникалық тұрғыдан жарықтандырылған;
- жеке өзіндік теміржол тұйығы бар.