Облыстағы өнеркәсіптің басты мақсаты ретінде түрлі-түсті металлургияның, химиялық, тас көмір, мұнай және құрылыс саласының, сонымен қатар жергілікті шикізат ресурстарын өңдеу бойынша өнеркәсіптің қарқынды дамуының қамтамасыз етілуі белгіленген.

Үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың Мемлекетік Бағдарламасының аясындағы Индустрияландыру картасына сәйкес, Түркістан облысында жалпы сомасы 349,3 млрд. теңге болатын 79 жоба жүзеге асырылуда.