«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – бұл коммерциялық емес ұйым. ҰКП бизнестің ҚР Үкіметі мен мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу күшін еселеу үшін құрылған. Кәсіпкерлер палатасы кіші, орта және ірі бизнестің мүдделерін ұсынып, өз қызметімен ішкі және сыртқы сауданы қоса есептегенде, кәсіпкерліктің бүкіл салаларын қамтиды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты мақсаты – бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және барлық кәсіпкерлердің бизнес қыметінің заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларын қалыптастыру процессіне кең-ауқымды қамтылуы мен еліктірілуін қамтамасыз ету. Ұлттық палатаның қызметі іскери, инвестициялық климаттың, тұрақтылықтың жақсаруына, ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін елдегі бизнесті жүргізу талаптарының дамуына бағытталған. ҰКП-ның негізгі функциялары: кәсіпкерлерге өкілдік ету және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; кәсіпкерлік белсенділіктің, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет талаптарының қоғамдық мониторингісін жүргізу; кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу; отандық өндіріске қолдау көрсету және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті қамтылу үлесін арттыру; даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, кадрларды сертификаттау және аттестаттау, техникалық және кәсіби білім беруді дамыту; кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру; инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру. Онымен қоса, ҰКП қазақстандық бизнестің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатыстырылуын қолдайды. Іскери топтардың мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мүдделерін қорғайды. ҰКП шетелдік елдердің бизнес-қоғамдастығымен байланыстарды кеңейтіп, нығайтады, сонымен қатар интеграциялық процесстердің аясында қазақстандық бизнесті қолдайды. 
Толығырақ: http://palata.kz/ru/pages/39
Материалдардың қолданылуына Palata.kz гиперсілтемесі болған жағдайда ғана рұқсат беріледі