Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі №125-НҚ бұйрығымен «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-нің тұтынушыларына 2020 жылғы тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерінің нәтижесінде бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне уақытша өтемдік тарифі 708,26 теңге/вагоно-км ҚҚС-сыз, 793,25 теңге/вагоно-км ҚҚС-мен көлемінде және бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметіне 1018,18 теңге/вагоно-км ҚҚС-сыз, 1140,36 теңге/вагоно-км ҚҚС-мен көлемінде бекітілді.
Өтемдік тариф қолданыста 2021 жылдың 1 қарашасынан  2022 жылғы 31 қазанына дейін болады.