«Ордабасы индустриалдық аймақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру және бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметтеріне бекітілген тарифтердің төмендетілгені туралы

«Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-нің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №15-21 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2018 жылғы 29 тамыздағы №222-НҚ бұйрығымен бекітілген тарифтері төмендетілді, бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне 1111,09 теңге/вагоно-км ҚҚС-сыз, 1244,42 теңге/вагоно-км ҚҚС-менкөлемінде, 2,83% төмендетілді, бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметіне 1489,09 теңге/вагоно-км ҚҚС-сыз, 1667,78 теңге/вагоно-км ҚҚС-мен көлемінде,15,73% төмендетілді, қолданысқа 2021 жылдың 1 тамызынан бастап енгізіледі.