Газды тасымалдау қызметіне тарифі 2019-2023 ж.ж. (5 жылға) бекітілгені туралы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2019 жылғы 18 маусымдағы №68-НҚ бұйрығымен 2019-2023 жылдарға (5 жылға) «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-не тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметіне тарифтің шекті деңгейі 3069,98 теңге/1000м3 ҚҚС-сыз,  3438,38 теңге/1000 м3 ҚҚС-мен көлемінде бекітілді, қолданысқа 2019 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді.