«Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-нің 2018 жылға газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметіне арналған тарифтік сметаны орындау туралы есебінің ақпараты
 
Ордабасы индустриалдық аймақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2017 жылдың 24 ақпан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің №54-НҚ бұйрығымен тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне табиғи монополия субъектісі ретінде тіркелген.
 

Қызмет көрсету аумағы: Шымкент қаласы, индустриалды аймақтың аумағы. «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-гі (бұдан әрі –Компания) тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметін «Ордабасы» индустриалды аймағының аумағындағы 40 өндірістік кәсіпорынға - заңды тұлғаларға көрсетеді. 

 

«Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-гі 11 қаңтар 2016 жылғы жалғыз құрылтайшының шешімі арқылы бекітіліген жарғы негізінде қызмет жасайды.

Тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметінің қолданыстағы тарифі 2017 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің №83-НҚ бұйрығы негізінде бекітіліп, 2017 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап күшіне енгізілген, мөлшері 3298,75 теңге/1000 м3 ҚҚС-сыз болып бекітілді, ҚҚС-мен 3694,60 теңге/1000 м3.

«Ордабасы» индустриалдық аймағының теңгерімінде ұзындығы 10,587 км газ тарату желілері, ГРП (газды реттегіш пункттары) -14 бірлік, ШТП (шкаф тарату пункттары) - 32 бірлік, есепке алу құрылғылармен - 100% жабдықталған.

 
  1. «Ордабасы» индустриалдық аймақ» ЖШС-гі 2018 жылы инвестициялық бағдарлама (жоба) бекітпеген.
  2. Реттеліп көрсетілетін тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері: Газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметінің барлық шығындары 2018 жылы 94480,49 мың теңгені құрады, бұл Департаменттін бекіткен тарифтік сметасымен салыстырғанда 31,1%-ға жоғары, қызмет көрсету көлемінің 26,1%-ға көтерілуіне байланысты, барлық табыстар 90843,68 мың теңге соманы құрады, бұл бекітілгеннен тарифтік сметадан 26,1%  жоғары қызмет көлемінің ұлғаюына байланысты. Аталған реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша Компания 3636,8 мың теңге зиянға ұшырады, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бағалары өсуіне байланысты, сондай-ақ бекітілген тарифтік сметада электр энергияға, материалдарға, жанар-жағармайға, арнайы жабдықтарға қызмет көрсету, офистік техникаға қызмет көрсету, күзет қызметіне шығындары қарастырылмауына байланысты. 2018 жылы газ тарату жүйесін қайта құру және жаңғыртуға 8026,198 мың теңге көлемінде қаржы жаратылды, оның ішінде 2018 жылы жинақталған амортизация есебінен 1708,26 мың теңге сомасында, ал қалған 6317,94 мың теңге Компанияның пайдасы есебінен жасалды. «Ағымдағы жөндеу» бабы бойынша 4709,83 мың теңгеге материалдар сатылып алынды, бұл тарифтік сметадан 2988,7 мың теңгеге немесе 38,8% -ға төмен, нақты газ құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар мөлшері, газ қызметінің қызметкерлері шаруашылық тәсілімен жасады.

     

  3. 2018 жылы газдың жалпы көлемі 30212,57 мың м3 құрады, ал бекітіліген тарифтік сметада 23989,46 мың м3, бұл бекітілген тарифтік сметадан 25,9% -ға жоғары, қолданыстағы тарифтік сметада 21838,68 мың м3 газ тарату көлемі қарастырылған, негізінде 2018 жылы сатылым көлемі 27538,82 мың м3 құрады, өсуі 26,1%, нормативтік техникалық ысыраптардың абсолюттік көрсеткіші  2627,2 мың м3 құрады, ал тарифтік сметада 2150,78 мың м3 қарастырылған, яғни 22,2 % өсті, көрсетілетін қызмет көлемі көтерілуіне байланысты, пайыздық үлесі бойынша  8,96% -дан  8,7% -ға дейін төмендеді, немесе 0,3% -ға. 
  4.  Реттеліп көрсетілетін газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметі бойынша тұтынушылармен жүргізілген жұмыс:

    - Тұтынушылар үшін есептеу құралдарының алдында тұрған сүзгілері тазаланады, ал тұтынушылар ШТП, ГРУ, есептеу құралдарын сатып алған кезде, жинау және орнату жұмыстары Компания есебінен жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда тұтынушыларға жаңа газ таратушы желілер өткізіледі, ал газ қысымы төмендеген кезде, Компания жұмысшылары газдың қысымын реттейді.

  5. «Ордабасы» индустриалдық аймақ» ЖШС-нің газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдау қызметіне бекіткен тарифтік сметаның бабтары бойынша 2018 жылға орындалуы:

    р/с

    Тарифтік сметадағы көрсеткіштердің атауы

    Өлшем бірлігі

    Бекітілген тарифтік сметада көзделген көрсеткіштер

    Тарифтік сметаның нақты 2018 жылы болған көрсеткіштері

    Ауытқу

    Ауытқу себептері

     мың

    теңге

     %

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    I

    Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар,  барлығы, оның ішінде

    мың теңге

    16323,44

    17583,24

    1259,8

    7,7

    Көрсетілетін қызмет көлемі көтерілуіне байланысты

    1

    Материалдық шығындар барлығы, оның ішінде

    мың теңге

     

    493,18

    493,2

     

    Өндірістік қажеттілікке байланысты, нақты қалыптасқан шығыстар

    1,1

    Электроэнергия

    мың теңге

     

    393,23

    393,2

     

    Өндірістік қажеттілікке байланысты, нақты қалыптасқан шығыстар

    1,2

    Материалдар, жанар-жағар май

    мың теңге

     

    99,95

    99,9

     

    Өндірістік қажеттілікке байланысты, нақты қалыптасқан шығыстар

    2

    Амортизация (негізгі қорлардың тозу шығындары)

    мың теңге

    621,98

    1708,26

    1086,3

    174,6

    Негізгі құралдардың нормалары мен нормативтеріне сәйкес есептелген нақты амортизация

    3

    Ағымдағы жөндеу

    мың теңге

    7698,52

    4709,83

    -2988,7

    -38,8

    Нақты газ құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар мөлшері, газ қызметінің қызметкерлері шаруашылық тәсілімен жасады.

    4

    Еңбек ақы шығындары, барлығы, оның ішінде:

    мың теңге

    7978,74

    10188,7

    2209,9

    27,7

    Көрсетілетін қызмет көлемі және айлық-жалақы мөлшері көтерілуіне байланысты

    4,1

    - Өндірістік персоналдың жалақысы

    мың теңге

    7260,00

    9181,7

    1921,7

    26,5

    4,2

    - Әлеуметтік салық

    мың теңге

    718,74

    856,7

    138,0

    19,2

    4,3

    - Медициналық сақтандыру

    мың теңге

    24,20

    150,3

    126,1

    520,9

    2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамаға өзгерістер енгізілген -1,5% құрады

    5

    Арнайы техниканың қызметі

    мың теңге

     

    483,30

     

     

    Өндірістік қажеттілікке байланысты, нақты қалыптасқан шығыстар

    II

    Кезең шығыстары барлығы, оның ішінде

    мың теңге

    6446,85

    13735,37

    7288,5

    113,1

    Көрсетілетін қызмет көлемі, айлық-жалақы мөлшері және тауарлардың, қызметтің, жұмыстардың бағасы көтерілуіне байланысты

    6

    Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы, оның ішінде

    мың теңге

    6446,85

    13735,37

    7288,5

    113,1

    6.1.

    Әкімшілік персоналдың жалақысы

    мың теңге

    2580,0

    6362,65

    3782,6

    146,6

    Көрсетілетін қызмет көлемі және айлық-жалақы мөлшері көтерілуіне байланысты

    6.2.

    Әлеуметтік салық

    мың теңге

    255,42

    577,33

    321,9

    126,0

    6.3.

    Медициналық сақтандыру

    мың теңге

    8,6

    80,56

    72,0

    836,8

    2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамаға өзгерістер енгізілген -1,5% құрады

    6.4.

    Коммуналдық қызметтер

    мың теңге

    250,0

    564,58

    314,6

    125,8

    Коммуналдық қызметтерге тарифтері көтерілуіне байланысты

    6.5.

    Байланыс қызметі

    мың теңге

    72,0

    106,12

    34,1

    47,4

    Заңнамаға сәйкес  «Ордабасы» индустриалдық аймақ» сайты ашылуына байланысты

    6.6

    Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік

    мың теңге

    163,62

    205,82

    42,2

    25,8

    Тауарлардың бағасы көтерілуіне байланысты

    6.7

    Іс-сапар қызметі

    мың теңге

    0

    537,83

    537,83

     

    Бас кеңсенің Алматы қаласында орналасуына байланысты

    6.8

    Салықтар

    мың теңге

    917,701

    1286,99

    369,3

    40,2

    Салық органына ұсынылған есептерге сәйкес

    6.9

    Офистік техникаға қызмет көрсету, бағдарламамен қамтамасыз ету, шығын материалдары

    мың теңге

     

    150,63

     

     

    Өндірістік қажеттілікке байланысты, нақты қалыптасқан шығыстар

    6.10

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту шығындары

    мың теңге

    135,0

    75,46

    -59,5

    -44,1

    Нақты қалыптасқан шығыстар

    6.11

    Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шығындары

    мың теңге

    67,0

    80,87

    13,9

    20,7

    Персонал саны нормативке сәйкес өсуіне байланысты

    6.12

    Жұмысшылардың медициналық тексеруі

    мың теңге

    67,0

    32,87

    -34,1

    -50,9

    Нақты қалыптасқан шығыстар

    6.13

    Өзге де  шығындар (кеңселік тауарлар, банк қызметі, шаруашауарлар ж т.б.)

    мың теңге

    260,0

    665,24

    405,2

    155,9

    Тауарлардың, қызметтердің бағалары көтерілуіне байланысты

    6.14

    Күзет қызметі

    мың теңге

     

    570,19

     

     

    Өндірістік қажеттілікке байланысты, нақты қалыптасқан шығыстар

    6.15

    Жылжымайтын мүлік мемлекеттік қорытындысы бойынша төлқұжатқа өзгерістер енгізу

    мың теңге

     

    510,88

     

     

    6.16

    Жазылым және жарнамалық шығындар

    мың теңге

    100

    214,78

    114,8

    114,8

    Бизнесті дамыту қажеттілігіне байланысты

    6.17

    Газ жүйелеріне техниқалық қызмет көрсету

    мың теңге

    1570,51

    1712,56

    142,1

    9,0

    Келісімге сәйкес, 2018 жылға арналған қаражат, бекітілген тарифте 2017 жылғы сома қарастырылған

    ІІІ

    Ысыраптарды өтеуге арналған шығындар

    мың теңге

    49270,14

    63161,88

    13891,7

    28,2

    Көрсетілетін қызмет көлемі көтерілуіне байланысты

    IV

    Барлық шығындар

    мың теңге

    72040,43

    94480,49

    22440,1

    31,1

    Көрсетілетін қызмет көлемі 26,1% көтерілуіне және құнсыздану деңгейіне байланысты

    V

    Пайда/зиян

    мың теңге

    0

    -3636,8

     

     

    Нақты қалыптасқан шығыстар, тауарлардың, қызметтердің бағалары көтерілуіне байланысты

    VI

    Барлық табыстар

    мың теңге

    72040,43

    90843,68

    18803,2

    26,1

    Көрсетілетін қызмет көлемі 26,1% көтерілуіне байланысты

    VII

    Жалпы көлемі

    мың м3

    23989,46

    30212,57

    6223,1

    25,9

    Қызмет аймағын кеңейтуге байланысты

     

    Өз қажеттіліктеріне керекті газ

    мың м3

     

    46,55

     

     

    Нақты қалыптасқан шығыстар, есептерге сәйкес

     

    Нормативтік техникалық ысыраптар

    мың м3

    2150,78

    2627,20

    476,4

    22,2

    Көрсетілетін қызмет көлемі көтерілуіне байланысты, нормативтік техникалық ысыраптардың абсолюттік көрсеткіші өсті

     

    %

    8,96

    8,70

    -0,3

    -2,9

    Пайыздық үлесі  0,3% -ға төмендеді

     

    Көрсетілеті қызмет көлемі

    мың м3

    21838,68

    27538,82

    5700,1

    26,1

    Қызмет аймағын кеңейтуге байланысты

    VII

    Тариф, ҚҚС-сыз

    теңге/                1000м3

    3298,75

    3298,75

    0

    0

     

     

    Тариф өзіндік құны, ҚҚС-сыз

    теңге/                1000м3

    3298,75

    3430,81

    132,06

    4,0

    Құнсыздану деңгейіне, тауарлардың, қызметтердің бағалары көтерілуіне байланысты

     

    Қызметкерлердің тізім бойынша орташа саны, барлығы, оның ішінде

    адам

    11

    12

    1

    9,1

    Персонал саны нормативке сәйкес өсуіне байланысты

     

    Өндірістік персонал                  

    адам

    8

    9

    1

    12,5

     

    Әкімшілік персонал       

    адам

    3

    3

    0

    0

     

     

    Орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде

    теңге

    74545

    107946,9

    33401,5

    44,8

    Айлық-жалақы мөлшері көтерілуіне байланысты

     

    Өндірістік персоналдың

    теңге

    75625

    85015,8

    9390,8

    12,4

     

    Әкімшілік персоналдың

    теңге

    71666,7

    176740,2

    105073,5

    146,6

     

  1. Қызмет көрсету перспективалары және газ тасымалдау қызметіне тарифтің өзгеру мүмкіндігі туралы.

    Компания 2019-2023 жылдарға газ реттеуші станция ГРС-5-тен 3430 метр жоғары қысымды газ құбырын қайта жаңарту және жаңғырту мақсатында инвестициялық бағдарлама бекітті, бұл мақсатқа 76441,0 мың теңге мөлшерінде қаражат қарастырылды, оның ішінде 3190,0 мың теңге тарифтегі амортизация есебінен, ал 73251,0 мың теңге Компанияның есебінен. 2019 жылға қарастырылған қаражат 8421,0 мың теңге, оның ішінде Компания есебінен 7794,0 мың теңге, тарифтегі амортизация есебінен 627,0 мың теңгеге      430 м жоғары қысымды газ құбырын қайта жаңарту және жаңғырту мақсатына жұмсалуына.

      Сондай-ақ, Компания тарапынан уәкілетті органға, яғни Табиғи монополияларды реттеу Департаментіне 2019-2023 жылдарға арналған тарифі мен тарифтік сметасын бекітуге өтініш тапсырды, ол дегеніміз құнсыздану деңгейіне тариф көтерілуі мүмкін немесе сол деңгейінде қалуы мүмкін. 
  2. Қызмет көрсету сапасы бойынша түсіндіру.

    Компания табиғи газды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан алады, оның сапасын олар кепілдігімен қамтамасыз етеді. Компания тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз етеді, тұтынушылар тарапынан ешқандай шағымдар болған жоқ.